Африка кубогінің 1/4  финалына шыққан құрамалар белгілі болды

©EPA/UPG

Футболдан Камерунда өтіп жатқан Африка кубогінің 1/4 финалына шыққан құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің ширек финалында Гамбия, Камерун, Буркина-Фасо, Тунис, Марокко, Сенегал, Мысыр және Экваториалды Гвинея командалары жүлделі орындарды сарапқа салмақ.

29 қаңтарда Гамбия мен Камерун кездессе, Буркина-Фасо мен Тунис командалары өзара мықтыны анықтайды. 30 қаңтар күні Мысыр мен Марокко және Сенегал мен Экваториалды Гвинея жартылай финалға берілетін жолдамаға таласады.

Еске салайық, Африка ұлттарының кубогін Мысыр футболшылары өз тарихында 7 рет (рекорд) ұтқан. Ал Алжир құрамасы соңғы жарыстың чемпионы болып табылады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар