Футболдан Мысыр мен Марокко құрамаларының ойыншылары Африка кубогінің 1/4 финалынан кейін киім ауыстыратын жердің қасында төбелесіп қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл ойында Мысыр құрамасы 2:1 есебімен жеңді. Мысыр құрамасынан голдарды Мохамед Салах (53-минут) және Махмуд Хассан (100-минут, пенальти) соқса, Марокко құрамасынан Софиан Буфаль (6-минут, пенальти) соқты.
Енді жартылай финалда Мысыр құрамасы Камерунмен кездессе, екінші жартылай финалда Сенегал мен Буркина-Фасо құрамалары кездеседі.