"Әділетсіздікке тап болдық". "Барселона" бапкері ЧЛ қазыларына наразылығын білдірді

©"Аль-Садд" ФК

"Барселонаның" бас бапкері Хави Чемпиондар лигасы матчіндегі қазылыққа наразылығын білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Топтық кезеңнің үшінші туры аясында каталондықтар Италияда "Интермен" ойнап, 0:1 есебімен ұтылды. Жалғыз голды алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоглу салды. Ал 67-минутта каталондықтар сапынан Педри есепті теңестірген болатын, алайда, төреші видеоқайталаудан Ансу Фатидің қолымен ойнағанын көріп, голды есепке алмады. 

"Мен ашулымын, өйткені әділетсіздікке тап болдық. Бұл жеңілістің әсері үлкен. "Интер" футболшысы да қолымен ойнады. Төреші мұндайда маңызды рөл ойнайды, ол шешімін түсіндіріп беру керек. Ол болса, маған ауыз ашқысы келмеді. Бұл Чемпиондар лигасы, бәсеке тым жоғары. Біз барымызды салдық, қарсыласқа қарағанда гол салатын мүмкіндік көбірек жасадық. Алайда "Интер" жақсы қорғанды. Бұл жеңіліс мені алаңдатып отыр. Жағдайымыз қиын", - деп береді Хавидің сөзін Marca.

С тобындағы үш матчте "Барселона" үш ұпай ғана жинап, үшінші келеді. Каталондықтардың алдында "Интер" (6) мен "Бавария". 

"Бавария" Қазақстан құрамасының экс-бапкерінің командасын ірі есеппен ұтты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport