Әдиев Ұлттар лигасындағы жетістіктің сырымен бөлісті

29 қыркүйек 2022 03:40
©ҚФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Әдиев УЕФА Ұлттар лигасында жетістікке қалай жеткенін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Чемпионат басылымына сілтеме жасап.

"Ұлттар лигасында бірінші орын аламыз деген мақсат қойдық десем өтірік болар. Расында өз басым С лигасында өз тобымызда көш бастаймыз деп ойламадым. Тіпті кез-келген басшылыққа келісімшарт жасау барысында чемпион боламыз деп уәде бермеймін. Тек әдемі футбол көрсетуге тырысамын. Бапкерлік карьерамда тек төменгі орындарды алып жүрдік. Себебі мен жаттықтырған клубтардың бюджеті өте төмен еді. Ал Қазақстан құрамасымен ә дегеннен бірінші орын алып отырмыз. Жақсы нәтиже көрсетуіміздің құпиясы – жігіттермен тіл табыса алуымда. Былай қарап тұрсаңыз, құрамадағы ойыншылардың басым бөлігі бұрыннан келе жатқан жігіттер. Мен тек оларды біздің де жеңіске жете алатынымызды сендіре алдым", - дейді Әдиев.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы С лигасының 3 тобында 13 ұпаймен көш бастап, келесі жылы В лигасында өнер көрсетеді. Сонымен қатар, Еуро-2024 турниріне қатысуға мүмкіндік беретін плей-офф раундына жолдама алды. Жерлестеріміз жартылай финалда Грузиямен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport