Адиев пе? Ресейлік команда бас бапкерін тағайындады
Виктор Гончеренко "Урал" командасының бас бапкері атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі телеграм-арнасында хабарлады.
Виктор Гончеренко "Урал" командасының бас бапкері атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі телеграм-арнасында хабарлады.
Гончаренконың бас бапкер болып тағайындалғанын клубтың президенті Григорий Иванов мәлімдеді. Бапкер командамен екі жылдық келісімшарт жасаған.
"Бүгін Виктор Гончаренко футболшыларға ресми таныстырылады. Содан кейін командамен бірінші жаттығуын өткізеді", - деді дереккөз.
Осыған дейін Гончаренко Ресей чемпионатында "Кубань", "Краснодар" және ЦСКА командаларының тізгінін ұстаған. Ал "Урал" командасы келесі кездесуін 20 тамыз күні "Нижний Новогородқа" қарсы өткізеді. Қазіргі уақытта бұл команда бес ойыннан кейін бір ғана ұпай жинаған.
Еске салайық, осыған дейін "Урал" тізгінін Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ұстауы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Бірақ кейін ресейлік бапкер бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Жарнама