auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Адиев Өзбекстанмен ойында басты мақсат не болатынын айтты

Адиев Өзбекстанмен ойында басты мақсат не болатынын айтты
©ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Өзбекстанмен өтетін ойын қарсаңында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

– Өзбекстан футбол қауымдастығының атынан сіздерді УЕФА Ұлттар лигасындағы табысты нәтижемен құттықтағым келеді. Ертеңгі ойыннан не күтесіздер?

– Құттықтауларыңыз үшін көп рахмет! Мен әрқашан Қазақстан мен Өзбекстан бауырлас халықтар деп санаймын. Ертең "бауырлар" дербиін күтеміз деп айтуға болады. Алайда футбол алаңында барлығын екінші орынға қоямыз. Әрине, ертеңгі ойынға дайындықпен келеміз. Қарсыласты құрмет тұтамыз. Аз уақыт ішінде дайындаған ойларымызды іске асыруға тырысамыз. Нәтижесін ойын көрсетеді.

– Өзбекстан құрамасын жеңу қаншалықты маңызды?

– Кез келген бапкер мен футболшы үшін жеңіске жету маңызды. Ешқандай түбегейлі қағидат жоқ. Ең бірінші міндет – 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына дайындық жүргізу.

– Ұлттар лигасы қарсаңында шақырылған Қазақстан құрамасының ойыншыларына күмән келтіргендер болды. Оларға қалай баға бересіз?

– Талаптар мен көңіл толмайтын сәттер әрқашан болады. Олар маған ешқашан ықпал етпейді. Бапкерлердің таңдауын талдағанына қарсы емеспін. Жанкүйерлер мен сарапшылар арасында осындай талдау болса, онда мен жұмысымды дұрыс істеп жатырмын деп санаймын. Бұл қалыпты процесс. Мен талапты өзіме қоямын. Ең қиын жұмыс өзіңді сендіру. Өзің сене алсаң, өзгелерді де сендіре аласың. УЕФА Ұлттар лигасы туралы айтсақ, бұл аралықты жақсы өткіздік деп есептеймін. Алайда қазіргі уақытта біздің міндеттер басқа. Бірнеше жолдастық ойындар күтіп тұр. Сол арқылы Еуро-2024 іріктеу кезеңіне дұрыс дайындалып, жақсы нәтиже көрсету міндет.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама