Футбол
7 қараша 2022 16:27
 

Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болып қала ма? Маман жауап берді

  Пікірлер

blog.share

Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болып қала ма? Маман жауап берді ©ҚФФ

Футболдан Қазақстанның бас бапкері Магомед Адиев құраманың бас бапкері болып қала беруі әбден мүмкін, деп хабарлайды "РБ Спорт" басылымы. Бапкерге ресейлік клубтар ұсыныс жасаған екен, бірақ ол бас тартқан. 

blog.share

Футболдан Қазақстанның бас бапкері Магомед Адиев құраманың бас бапкері болып қала беруі әбден мүмкін, деп хабарлайды "РБ Спорт" басылымы. Бапкерге ресейлік клубтар ұсыныс жасаған екен, бірақ ол бас тартқан. 

"Бұған дейін де айтқанымдай, маған РПЛ-де ойнайтын командалар тарапынан ұсыныс болды. Алайда оның бәрі енді өткен шақта қалды. Қазіргі уақытта Қазақстан футбол федерациясымен келіссөз жүруде. Келісімшартқа әлі қол қойған жоқпын. Десе де біз біраз нәрсені келістік. Алдағы Өзбекстан мен БАӘ қарсы екі кездесу бар. Жалпы мен жұмысымды Қазақстан құрамасымен жалғастырамын", - деді Адиев. 

Айта кетейік, Адиев Қазақстан құрамасының тізгінін 27 сәуір күні ұстады. Оның бастамасымен біздің құрама Ұлттар лигасында топ жарып, В тобына көтерілді. Маманның қазіргі келісімшарты жыл соңында аяқталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!