Ресейлік маман Магомед Адиев "РабиНерв" YouTube арнасына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының бапкері қызметіндегі табысы жайлы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
- Менде кішігірім келісімшарт болды, "Шахтерде" үш есе көп табатынмын, бірақ мұнда мені қызықтырғаны ақша емес еді. "Шахтерде" және құрамада да айтқаным: "команда үшін ұятқа қалмайсыздар" еді. Бұл менің мүмкіндігім болды, өзімді бапкер ретінде сынап көргім келді. Сондықтан осыған келістім. Сынның астында қалуым мүмкін екенімді де түсіндім... Не болса да жұмысымды істеу керек, не шығатынын көре жатармыз деп ойладым", - дейді Адиев.
- Сонда қазір Қарағандыдағы айлығыңыздан үш есе аз аласыз ба?
- Жоқ, қазіргі таңда Федерация маған лайықты бағасын беріп отыр.
- Енді "Шахтерде" алғаныңыздан көбірек шығар?
- Әрине (күледі).