Адиев Қазақстан құрамасынан кететініне қатысты мәлімдеме жасады

©ҚФФ

Футболдан Қазқстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресейге оралатынын жоққа шығармады, деп жазады Vesti.kz.

46 жастағы маман Қазақстан командасын 2022 жылдан жаттықтырып келеді. Оған дейін Адиев "Ахмат", "Анжи" және өзге де ресейлік клубтарда қызмет атқарған. 

"Ресейлік клубтардан ұсыныс болды, қазір де келіп жатыр. Бірақ мен циклді аяқтауым керек (Қазақстан құрамасымен), сосын барып ары қарайғы шешімді қабылдаймын. Өз сөзімнен айнымаймын: Еуроға іріктеудің соңғы мүмкіндігін беретін мачттерде ойнағым келеді. Соның нәтижесінен кейін шешім қабылдаймын. 

Жақын арада Ресейге оралатынымды жоққа шығармаймын. Бірақ отырып алып тек соны аңсаудамын деуге де болмайды. Әрдайым факт бойынша әрекет етемін. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасында бәріне көңілім толады. Бұл команданың маған бергені көп және мен де оларға бірдеңе бере алдым деген үміттемін. Менің бар ойым - алдағы шешуші матчтер", - деп береді Адиевтің сөзін Sport24.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport