Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жуырда қызметінен кететінге ұқсайды, деп жазады Vesti.kz.
"Серый CARDINAL" телеграм арнасының мәліметінше, Адиев жақын арада грозныйлық "Ахмат" клубын жаттықтыра бастайды.
"Грозныйлық клуб қазір қиын жағдайда. Қолда бар мәлімет бойынша, бастапқыда Адиев "Ахматқа" маусым аяқталысымен бару керек болған. Алайда "Рубиннан" ұтылып, турнир кестесінің ең түбіне түсіп кетуге жақын қалуы (соңғыдан алдыңғы орынға дейін айырмашылық 3 ұпай ғана) шешенстандық клуб басшылығын асықтыратын сияқты", - деп жазады дереккөз.