Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев "СЭ" басылымына берген сұхбатында команданың менталитетін қалай өзгерткені туралы сұраққа жауап берді.
- Ирландиямен сырт алаңдағы матч алдында ойыншылардың барлығы тек жеңіс үшін аттаннып бара жатқанын айтты. Оған дейін үнемі басқаша сөйлейтін: "лайықты ойын көрсету" деген сияқты. Олардың менталитетін қалайша өзгерттіңіз?
- Біз бұны Ұлттар лигасында дәлелдедік. Ұтыламыз немесе "лайықты ойын" деген сияқты ойларды бастан шығарып тастадық. Әр матчке үш ұпай үшін күресуге шығамыз. Қарсылас та солай істейтіні түсінікті. Бірақ сен барыңды салу керексің. Даниялықтарға да "лайықты ұтылу" үшін барамыз деп ойлайсыз ба? Жоқ, әрине! Жеңуге тырысамыз, ал одан не шығатынын - ойын соңында көреміз.