Адиев жаңа клубына Қазақстан құрамасындағы бапкерлерді алып кетті

©"Ахмат" ФК

Магомед Адиев грозныйлық "Ахмат" клубына Қазақстан құрамасындағы бапкерлер штабын ала кетті. 

"Ахмата" клубыынң баспасөз қызметінің мәліметінше, Адиевтің бапкерлер штабына Руслан Балтиев (аға бапкер), Евгений Коструб (жаттықтырушы) және Ерлан Ибрайым (физикалық дайындыққа жауапты бапкер) кірді.

Бұл мамандар Магомед Адиев пен бірге Қазақстан ұлттық құрамасындағы қосымша жұмыстарын атқара бермек.

Еске салайық, осыдан бір күн бұрын Магомед Адиев ресми түрде “Ахмат” бапкері атанған болатын. Ол бұл қызметте Мирослав Ромащенконың орнын басты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport