"Адамдардың жексұрындығында шек жоқ". Қазақстандық футболшының бапкері Ресей чемпионаты туралы

Сурет: "Ростов" ФК
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын "Ростов" командасының бас бапкері Валерий Карпин Ресей премьер-лигасының 28-ші турындағы "Оренбургке" қарсы матч туралы пікірін білдірді. 

"Бәрін өздеріңіз көрдіңіздер, 90 минут шабуылдадық. Бірақ мынадай қорғагысты бұзу үшін аяқ пен ой тыныққан болу керек. Ал командада екеуі де жоқ. Ары қарай кеттік. 

"Оренбург" пен "Ростов" коронавируске байланысты жағдайдан тұралап шыққан екі команда? Бышовецтің сөзін келтірейін. Адамның жексұрындығында шек жоқ! Жексұрындық пен аярлығында. Бұрын Росгосстрах Ресей чемпионаты еді, енді Роспотребнадзор Ресей чемпионаты болды. Роспотребнадзормен келісе алғандар бар, ал кейбірі келісе алмады. Біреулер науқастарын жасырды, кейбірі жасырған жоқ. Біреуді карантинге жапты, өзгелерді жаппады. Мұндай Ресей чемпионаты дұрыс емес. Мұны бүкіл әлем айтып отыр", - дейді Карпин РПЛ-дің YouTube арнасында.