Британиялық The Independent басылымы футболдан әлем чемпионаты тарихындағы ең ұлы ойыншылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сауалнамаға 14 журналист қатысып, әрқайсысы турнир тарихындағы үздік 30 футболшыдан тұратын жеке рейтингін жасаған.
Ереже бойынша бірінші орынға қойылған ойыншы 50 ұпай алса, екінші орынға — 45, үшінші орынға — 40 ұпай берілген. Кейінгі орындарда ұпай айырмашылығы біртіндеп азайып отырған. Ал 30-орындағы футболшыға бір ұпай есептелген.
Сауалнаманың басты талабы бойынша қатысушылар әлем чемпионаттарында ойнап, турнир тарихында маңызды әрі тарихи рөл атқарған футболшыларды таңдауы керек болған.
Әлем чемпионаты тарихындағы үздік 20 футболшы
Пеле (Бразилия) — 690 ұпай;
Диего Марадона (Аргентина) — 593;
Лионель Месси (Аргентина) — 543;
Франц Беккенбауэр (ГФР) — 457;
Роналдо (Бразилия) — 440;
Зинедин Зидан (Франция) — 375;
Гарринча (Бразилия) — 368;
Килиан Мбаппе (Франция) — 331;
Герд Мюллер (ГФР) — 256;
Мирослав Клозе (Германия) — 226;
Йохан Кройфф (Нидерланд) — 220;
Лотар Маттеус (ГФР) — 201;
Бобби Мур (Англия) — 195;
Паоло Росси (Италия) — 185;
Кафу (Бразилия) — 182;
Жаирзиньо (Бразилия) — 181;
Фабио Каннаваро (Италия) — 151;
Эйсебио (Португалия) — 122;
Андрес Иньеста (Испания) — 115;
Карлос Альберто Торрес (Бразилия) — 114.
Айта кетейік, Бобби Чарльтон 22-орынға, Роберто Баджо 24-орынға, Хави 26-орынға, Мишель Платини 28-орынға, Лука Модрич 30-орынға тұрақтаған.
Ал КСРО аңызы Лев Яшин 32-орынды иеленсе, Роналдиньо 42-сатыға, Антуан Гризманн 44-орынға, Дидье Дешам 47-орынға жайғасқан.
Бір қызығы, португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду бұл рейтингке мүлде енбей қалған.
Жарнама