ӘЧ ширек финалында қарсы ойнайтын екінші жұп команда анықталды

5 желтоқсан 2022 09:34
©RT

Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финалында ойнайтын екінші жұп команда анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сенегалды ұтқаннан кейін (3:0) Англия құрамасы 1/4 финалда Францияға қарсылас болады. Франциялықтар польшаны ұтқан еді (3:1). Англия - Франция матчі 11 желтоқсанда өтеді.

Екінші жұпта Нидерланды мен Аргентина қарсы келеді. Еуропалықтар 1/8 финалда АҚШ-ты ұтты - 3:1, ал Мессидің командасы Аустралияны - 2:1. Нидерланды - Аргентина кездесуі 10 желтоқсанға белгіленген.

Айта кетейік, 5 және 6 желтоқсандардағы ойындарда ширек финалға өтетін өзге командалар анықталу керек.

1/8 финалдың қалған ойындары:

Жапония - Хорватия (5 желтоқсан)

Бразилия - Оңтүстік Корея (6 желтоқсан)

Марокко - Испания (6 желтоқсан)

Португалия - Швейцария (7 желтоқсан).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар