ӘЧ плей-офф кезеңінде қарсы ойнайтын алғашқы жұптар анықталды

©"Чемпионат"

Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты A және B тобындағы үшінші тур ойындары аяқталысымен 1/8 финалдың алғашқы жұптары белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

A тобынан Нидерланды 3 желтоқсанда B квартетінде екінші болған АҚШ командасымен ойнайды.

5 желтоқсан В тобының көшбасышысы Англия A квартетінде екінші болған Сенегалмен матч өткізеді. 

Айта кетейік, аталған командалардан бөлек плей-офф кезеңге Франция, Бразилия және Португалия өтті. 

3 желтоқсанда аяқталатын топтық турнирдің қалған 12 ойынында плей-офф кезеңге өтетін тағы тоғыз команда анықталу керек.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport