Футбол
4 қыркүйек 21:10
 

ӘЧ-ге іріктеудегі Қазақстан - Уэльс матчінің тағдыры бір голмен шешілді

  Пікірлер

blog.share

ӘЧ-ге іріктеудегі Қазақстан - Уэльс матчінің тағдыры бір голмен шешілді ©Маржан Қуандықова

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің бесінші турында Уэльстен ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің бесінші турында Уэльстен ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астана қаласында өткен матч 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Жеңісті голды 24-минутта Киффер Мур соқты.

 

Қазақстандық футболшыларда есепті теңестіріп қана қоймай, алға да шығуға мүмкіндігі болды. Әсіресе шабуылда белсенді ойнаған Ғалымжан Кенжебекке сәттілік жетіспеді – бірнеше рет допты дәл бағыттай алмады. Дегенмен, словакиялық "Кошице" командасының ойыншысы жанкештілігімен және қақпаға бағытталған ұмтылысымен жақсы әсер қалдырды. 65-минутта оны Ислам Чесноков алмастырды. Соңғысы 83-минутта есепті теңестіре алатын тамаша мүмкіндікке ие болды, бірақ, оның соққысы қақпадан сәл асып кетті.

 

Жұмсаған бар күш-жігерге қарамастан, Қазақстан құрамасы өз алаңында ұпайдан айырылды. Осы нәтижеден кейін Қазақстан 3 ұпаймен 4-орында тұр. Ал Уэльс бұл жеңістен кейін 10 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орынға көтерілді.

J тобы:

Уэльс — 10 ұпай (5 матч)
Солтүстік Македония — 8 ұпай (4 матч)
Бельгия — 4 ұпай (2 матч)
Қазақстан — 3 ұпай (4 матч)
Лихтенштейн — 0 ұпай (3 матч)

Еске салайық 7 қыркүйекте Али Алиевтің шәкірттері Бельгиямен сырт алаңда ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!