2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің бесінші туры аясында Қазақстан мен Уэльс құрамалары арасындағы матчке болжам жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын 4 қыркүйекте Астанада өтеді.
"Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы Еуропа футболындағы аутсайдерлер деңгейіне қайта түсті. Соңғы бір жарым жылда ресми матчтерлегі нәтижелер көңіл көншітпейді: бір жеңіс, бір тең ойын және сегіз рет ұтылды, оның жетеуінде команда мүлдем гол соққан жоқ. Алдағы ойындар алдында құраманың негізгі ойыншыларының болмауы мен өз алаңындағы қатар төрт матчте бірде-бір гол соқпаған статистика да үмітке су сеуіп отыр.
Уэльс, керісінше, шабуыл шебінде нәтижелілік танытып жүр - кейнігі бес матчінде орта есеппен үш голдан соққан. Дегенмен, бұл ойындардың бәрі жеңіспен аяқталмады. Алдағы кездесуде бас бапкер Крейг Беллами қорғаныстағы екі ойыншысына сене алмайды. Бірақ Уэльс құрамасының ойыншы таңдаудағы кең мүмкіндіктері бұл шығынды толтыруға мүмкіндік береді және маңызды үш ұпай әкелуі ықтимал. Алайда қонақтар ойсырата жеңеді деуге де негіз жоқ - соңғы кездері Қазақстан құрамасы өз алаңында өткен халықаралық матчтерде өздері гол соқпаса да, қарсыласына да соғыуға мүмкіндік бермейді.
Болжам – 0:2, деп жазады Soccer365.ru".
Еске салайық, 7 қыркүйекте Али Алиев шәкірттері Брюссельде Бельгия құрамасымен кездеседі.
J тобының турнирлік кестесі:
Солтүстік Македония – 8 ұпай (4 матч)
Уэльс – 7 ұпай (4 матч)
Бельгия – 4 ұпай (2 матч)
Қазақстан – 3 ұпай (3 матч)
Лихтенштейн – 0 ұпай (3 матч).