Тунис футбол федерациясы (FTF) ұлттық құраманың бас бапкері Сабри Лямушимен келісімшартты тоқтатқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тунис бас бапкерімен қоштастыӘЧ-2026 топтық кезеңінің алғашқы турында Тунис құрамасы Швециядан 1:5 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Осы сәтсіз нәтижеден кейін федерация шешім қабылдады.
"Тунис футбол федерациясы бас бапкер Сабри Лямушимен келісімшарттың өзара келісім бойынша тоқтатылғанын хабарлайды және оған болашақ мансабында сәттілік тілейді", - делінген ресми мәлімдемеде.
54 жастағы француз маманы Тунис құрамасын 2026 жылдың қаңтар айынан бері жаттықтырып келген. Бұған дейін ол "Кардифф Сити", "Ноттингем Форест", "Әл-Духаил", "Ренн" клубтарында және Кот-д’Ивуар ұлттық құрамасында қызмет атқарған.
Журналист Ромен Молинаның мәліметінше, Тунис құрамасының жаңа бас бапкері Эрве Ренар болуы мүмкін. Федерация 57 жастағы француз маманымен келіссөз жүргізіп, тіпті ӘЧ-2026 аяқталғанға дейінгі белгілі бір кепілдіктер ұсынған.
Ренардың соңғы жұмыс орны Сауд Арабиясы құрамасы болды. Ол бұл команданы 2024 жылдан 2026 жылдың сәуіріне дейін басқарды. Бұған дейін Марокко, Кот-д’Ивуар, Замбия құрамаларын, сондай-ақ, "Лилль", "Сошо" клубтарын және Франция әйелдер құрамасын жаттықтырған.
ӘЧ-2026 аясында Тунис құрамасы топтық кезеңде тағы екі ойын өткізеді:
21 маусым — Жапонияға қарсы
26 маусым — Нидерландқа қарсы
Айта кетейік, ӘЧ-2026 турнирі АҚШ, Мексика және Канадада өтіп жатыр. Финал 19 шілде күні өтеді.