2022 жылы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында аргентиналық жанкүйерлердің саны француздардан едәуір асып түседі.
Аргентина – Франция матчы ертең, 18 желтоқсанда өтеді. Матч 88 969 көрерменге арналған Лусаил стадионында өтеді.
Ойынға шамамен 50 000 аргентиналық жанкүйер келеді деп күтілуде. Бірақ Франциядан небәрі алты мың жанкүйер келеді екен.