Бразилия құрамасының бұрынғы бапкері Тите карьерасын жалғастыруға болатын бес командадан ұсыныс алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ширек финалда Хорватиядан (1:1 және 2:4 пенальти) ұтылғаннан кейін Тите Бразилия құрамасынан кетті.
O Dia мәліметінше, Титеге бес жерден ұсыныс жасалды, үшеуі - ұлттық құрамалардан, тағы екеуі еуропалық клубтардан болды. Маман көбіне отанында жұмыс істеді, ал шетелде Араб Әмірліктерінің "Әл-Айн" мен "Әл-Вахда" (Абу-Даби) клубтарын ғана жаттықтырды.
Бастапқыда 61 жастағы бапкер жарты жылдай демалыс алмақ болған екен, ал енді шешімін өзгертуі мүмкін.
Тите Бразилияны 2016 жылдан бері жаттықтырған еді.