Португалия құрамасы Дублинде өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінің бесінші тур матчында Ирландиядан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын "Авива" стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.
17-минутта Трой Пэррот алғашқы голын соғып, Ирландияны алға шығарды. Үзіліске аз қалғанда форвард дубль жасап, командасына сенімді басымдық сыйлады.
Екінші таймда португалиялықтар азшылықта қалды: 59-минутта Криштиану Роналду тікелей қызыл карточка алды. Бастапқыда арбитр Дара О'Шиді шынтағымен ұрғаны үшін оған сары қағаз көрсеткен, бірақ VAR қарағаннан кейін шешімді өзгертіп, 40 жастағы капитанды алаңнан қуды.
Бес турдан кейін Ирландия жеті ұпай жинап, F тобында үшінші орында тұр. Ал Португалия он ұпаймен квартетте көш бастап келеді.
13 қарашадағы матч нәтижелері:
Армения – Венгрия 0:1
Әзербайжан – Исландия 0:2
Норвегия – Эстония 4:1
Молдова – Италия 0:2
Англия – Сербия 2:0
Андорра – Албания 0:1
Ирландия – Португалия 2:0
Франция – Украина 4:0.
Жарнама