| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 11:05
 

ӘЧ-дегі екінші матч жеңіске деген жігер арқасындағы камбэкпен бітті

  Пікірлер

blog.share

ӘЧ-дегі екінші матч жеңіске деген жігер арқасындағы камбэкпен бітті ©instagram.com/thekfa/

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының екінші матчында Чехия мен Оңтүстік Корея құрамалары кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының екінші матчында Чехия мен Оңтүстік Корея құрамалары кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz

А тобы аясындағы ойын Мексиканың Сапопан қаласындағы "Акрон" стадионында өтіп, оңтүстіккореялықтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Матчтағы негізгі оқиғалардың барлығы екінші таймда өрбіді.

Кездесудегі есепті алғаш болып чехиялық футболшылар ашты. Матчтың 59-минутында Ладислав Крейчи мергендік танытып, командасын алға шығарды.

Алайда Оңтүстік Корея құрамасы көп ұзамай таразы басын теңестірді. 67-минутта жартылай қорғаушы Хван Ин Бом қарсылас қақпасынан саңылау тапты.

77-минутта Томаш Соучек Оңтүстік Корея қақпасына екінші голды соққандай көрінгенімен, төрешілер офсайд тіркеп, гол есепке алынған жоқ.

Ал араға үш минут салып корейлер жеңіс голын соқты. Бұл жолы Хван Ин Бом ассистент ретінде көзге түсіп, оның нәтижелі пасынан О Хён Гю мерген атанды.

Осылайша, Оңтүстік Корея құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Еске салсақ, турнирдің ашылу матчында Мексика құрамасы Оңтүстік Африка Республикасын 2:0 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Әлемнің қазіргі чемпионы — Аргентина құрамасы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!