Бүгін, 23 маусымға қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында кезекті ойын күні өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алдағы тәулікте жанкүйерлерді бірнеше қызықты кездесу күтіп тұр. Алаңға Аргентина, Франция және Норвегия секілді фаворит құрамалар шығады.
22:00. J тобы. Аргентина – Аустрия
Аргентина мен Аустрия топтық кезеңдегі екінші матчтарын өткізеді.
Алғашқы турда аргентиналықтар Лионель Мессидің хет-тригінің арқасында Алжир құрамасын 3:0 есебімен ұтқан болатын. Ал аустриялықтар Иорданияны 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Екі команда да жеңіспен бастағандықтан, бұл матч топ көшбасшысын анықтауда маңызды рөл атқаруы мүмкін.
02:00. I тобы. Франция – Ирак
Франция құрамасы әлем чемпионатындағы бірінші матчта Сенегалды 3:1 есебімен ұтты.
Енді франциялықтар алғашқы турда Норвегиядан 1:4 есебімен ұтылған Иракқа қарсы алаңға шығады. Еуропалықтар кезекті жеңіс арқылы плей-оффқа жолдаманы мерзімінен бұрын қамтамасыз етуге жақындай түспек.
05:00. I тобы. Норвегия – Сенегал
Норвегия құрамасы алғашқы турдағы сенімді жеңістен кейін топтағы көшбасшылықты сақтап қалуға тырысады.
Ал Сенегал үшін бұл матч аса маңызды. Африкалық команда екінші рет ұпай жоғалтса, келесі кезеңге шығу мүмкіндігін айтарлықтай қиындатып алуы ықтимал.
08:00. J тобы. Иордания – Алжир
Иордания мен Алжир алғашқы турда жеңіліске ұшырады.
Сондықтан бұл кездесуде екі құрама да алғашқы ұпайларын еншілеуге бар күшін салады. Өйткені келесі турда оларды топ фавориттері Аргентина мен Аустрияға қарсы күрделі матчтар күтіп тұр.
Айта кетейік, аталған барлық кездесулер Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Жарнама