Футбол
Бүгін 10:56

ӘЧ-2026 ширек финалының барлық жұбы анықталды: кім кіммен ойнайтыны белгілі

©instagram.com/equipedefrance

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалындағы барлық жұп белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кезеңнің соңғы қатысушысы Швейцария құрамасы атанды. Олар 1/8 финалда негізгі және қосымша уақыттағы голсыз тең ойыннан кейін пенальти сериясында Колумбияны ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.

Осылайша, әлем чемпионы атағы үшін күресті сегіз құрама жалғастырады.

ӘЧ-2026 ширек финалының жұптары:

Франция — Марокко (10 шілде, Қазақстан уақытымен 01:00)
Испания — Бельгия (11 шілде, 00:00)
Норвегия — Англия (12 шілде, 02:00)
Аргентина — Швейцария (12 шілде, 06:00)


Жартылай финалда кімдер кездесуі мүмкін?

Франция - Марокко жұбының жеңімпазы жартылай финалда Испания мен Бельгия арасындағы кездесудің үздігімен ойнайды.

Ал турнирлік кестенің екінші бөлігінде Норвегия - Англия матчында жеңіске жеткен команда Аргентина мен Швейцария арасындағы ширек финалдың жеңімпазымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport