Футбол
Бүгін 09:48

ӘЧ-2026 плей-оффының алғашқы матчіндегі үздік ойыншы анықталды

©ig/fifaworldcup

Канада құрамасының жартылай қорғаушысы Стефан Эуштакиу 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Оңтүстік Африкаға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Эуштакиу кездесудің басты қаһарманына айналды. Ол қосымша уақыттың екінші минутында жалғыз голды соғып, өз құрамасына 1:0 есебімен жеңіс әкелді.

Осы жеңістің арқасында Канада құрамасы әлем чемпионатында алғашқы болып 1/8 финалға жолдама алды.

Енді канадалықтардың келесі қарсыласы Нидерланды мен Марокко құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport