| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 10:41
 

ӘЧ-2026: плей-оффқа алты команда жолдама алды

  Пікірлер

blog.share

ӘЧ-2026: плей-оффқа алты команда жолдама алды ©instagram.com/afaseleccion

Футболдан 2026 жылңы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өткен тағы екі команда анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Футболдан 2026 жылңы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өткен тағы екі команда анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Топтық кезеңнің екінші турының қорытындысы бойынша Норвегия мен Франция құрамалары мерзімінен бұрын 1/16 финалға жолдама алды.

23 маусым күні Норвегия құрамасы Сенегалды 3:2 есебімен ұтып, турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Осылайша, скандинавиялықтар алты ұпай жинап, плей-оффта өзіне орнын қамтамасыз етті.

Ал I тобындағы тағы бір кездесуде Франция құрамасы Ирактан 3:0 есебімен басым түсті. Килиан Мбаппе дубль авторы атанған матчтан кейін француздардың да қоржынында алты ұпай жиналып, олар келесі кезеңге шығу міндетін мерзімінен бұрын орындады.

Енді топтық кезеңнің соңғы турында Норвегия мен Франция өзара кездесіп, I тобындағы бірінші орын иесін анықтайды.

Қазіргі уақытта әлем чемпионатының 1/16 финалына өткен құрамалар саны алтауға жетті. Олар:

• Мексика;
• АҚШ;
• Германия;
• Аргентина;
• Норвегия;
• Франция.

Айта кетейік, әлем чемпионатының плей-офф кезеңі 28 маусымда басталады. Ал топтық кезеңнің екінші туры 23 маусымнан 24 маусымға қараған түні аяқталады. Бірнеше құрама әлі де мерзімінен бұрын плей-оффқа өту мүмкіндігін сақтап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!