Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Өзбекстанды ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Хьюстонда өткен кездесу португалиялықтар қарсыластарын 5:0 есебімен ойсыратып тастады. Команда көшбасшысы Криштиану Роналду дубль авторы атанды.
Stata Football дерегінше, Роналду енді әлем чемпионаттарында Португалия құрамасы сапында ең көп гол соққан футболшы атанды:
• 10 гол — Криштиану Роналду;
• 9 гол — Эйсебио;
• 4 гол — Педру Паулета.
Осылайша, Роналду 60 жыл бойы сақталған Эйсебионың рекордын жаңартты.
Айта кетейік, Португалия екі турдан кейін 4 ұпаймен К тобының көшін бастап тұр. Одан кейін Колумбия (3 ұпай), Конго Демократиялық Республикасы (1 ұпай) және Өзбекстан (0 ұпай) орналасқан.
Үшінші турда 28 маусым күні Колумбия – Португалия және Конго ДР – Өзбекстан матчтары өтеді.