| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 11:40
 

ӘЧ-2026: Өзбекстанмен матчте Роналду 60 жыл тұрған рекордты жаңартты

  Пікірлер

blog.share

ӘЧ-2026: Өзбекстанмен матчте Роналду 60 жыл тұрған рекордты жаңартты © instagram.com/portugal

Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Өзбекстанды ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Өзбекстанды ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Хьюстонда өткен кездесу португалиялықтар қарсыластарын 5:0 есебімен ойсыратып тастады. Команда көшбасшысы Криштиану Роналду дубль авторы атанды.

Stata Football дерегінше, Роналду енді әлем чемпионаттарында Португалия құрамасы сапында ең көп гол соққан футболшы атанды:

• 10 гол — Криштиану Роналду;
• 9 гол — Эйсебио;
• 4 гол — Педру Паулета.

Осылайша, Роналду 60 жыл бойы сақталған Эйсебионың рекордын жаңартты.

Айта кетейік, Португалия екі турдан кейін 4 ұпаймен К тобының көшін бастап тұр. Одан кейін Колумбия (3 ұпай), Конго Демократиялық Республикасы (1 ұпай) және Өзбекстан (0 ұпай) орналасқан.

Үшінші турда 28 маусым күні Колумбия – Португалия және Конго ДР – Өзбекстан матчтары өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!