Футбол
Бүгін 11:31

ӘЧ-2026-ның үздік ойыншыларының рейтингі: Ямаль тізімде жоқ

©Depositphotos/Musiu0

The Athletic басылымы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік футболшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Месси ӘЧ-2026-ның үздік ойыншылары рейтингінде көш бастады

Рейтингтің бірінші орнына Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси жайғасты. Екінші орында Франция құрамасының көшбасшысы Килиан Мбаппе болса, үздік үштікті Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем түйіндеді.

Бір қызығы, Испания құрамасының жас жұлдыздарының бірі Ламин Ямаль алғашқы ондыққа енген жоқ.

ӘЧ-2026-ның үздік 10 футболшысы

The Athletic нұсқасы бойынша рейтинг төмендегідей:

Лионель Месси (Аргентина);
Килиан Мбаппе (Франция);
Джуд Беллингем (Англия);
Харри Кейн (Англия);
Эрлинг Холанд (Норвегия);
Майкл Олисе (Франция);
Усман Дембеле (Франция);
Ашраф Хакими (Марокко);
Винисиус Жуниор (Бразилия);
Эмерик Ляпорт (Испания).

Финалға дейін санаулы матч қалды

Әлем чемпионаты-2026 АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусымнан бері өтіп жатыр. Қазіргі уақытта турнирде төрт құрама – Аргентина, Англия, Франция және Испания чемпиондық атақ үшін күресті жалғастыруда.

Әлем чемпионатының финалы 19 шілде күні АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport