Футбол
Бүгін 09:14

ӘЧ-2026-ның финалына өтетін екі команда аталды

©depositphotos.com/

Opta суперкомпьютері 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалына шығу мүмкіндігі жоғары құрамаларғабаға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлем чемпионатының жартылай финалында келесі жұптар кездеседі:

Франция – Испания (15 шілде, Қазақстан уақытымен 00:00);
Англия – Аргентина (16 шілде, Қазақстан уақытымен 00:00).

Фаворит кімдер?

Opta болжамы бойынша, финалға шығу мүмкіндігі ең жоғары құрамалар – Франция мен Англия.

Франция құрамасының мүмкіндігі – 42,1 пайыз, ал Испанияда – 31,8 пайыз;
Англияның мүмкіндігі – 38,9 пайыз, ал Аргентинада – 34,1 пайыз.

Ширек финал нәтижелері

Франция – Марокко – 2:0;
Испания – Бельгия – 2:1;
Норвегия – Англия – 1:2;
Аргентина – Швейцария – 3:1.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде финалдық матчпен аяқталады. Қазіргі әлем чемпионы – Аргентина құрамасы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport