| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 14:03
 

ӘЧ-2026: командасы ұшып кеткен тағы бір бапкер қызметінен кетті

  Пікірлер

blog.share

ӘЧ-2026: командасы ұшып кеткен тағы бір бапкер қызметінен кетті ©depositphotos.com

Оңтүстік Корея футбол құрамасының бас бапкері Хон Мён Бо әлем чемпионатынан шығып қалғаннан кейін қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Оңтүстік Корея футбол құрамасының бас бапкері Хон Мён Бо әлем чемпионатынан шығып қалғаннан кейін қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Маман бұл туралы Мексикада өткен баспасөз мәслихатында айтты. Ол құраманың топтық кезеңнен шыға алмауына толық жауапкершілікті өз мойнына алды.

"Бүгіннен бастап Оңтүстік Корея құрамасының бас бапкері қызметінен кетемін. Команданы шын жүректен қолдайтын барлық жанкүйерден кешірім сұраймын. Біз күткен нәтижеге қол жеткізе алмадық. Бұл сәтсіздік үшін барлық жауапкершілік тек маған жүктеледі", – деді Хон Мён Бо.

Оңтүстік Кореяның ЧМ-2026-дағы нәтижесі

А тобында үшінші орын алды;
Үш матчта 3 ұпай жинады;
Чехияны 2:1 есебімен жеңіп, Мексика мен Оңтүстік Африкаға 0:1 есебімен жол берді;

Үшінші орын алған құрамалар рейтингінде оныншы болып қалып, плей-оффқа шыға алмады. Себебі 1/16 финалға тек үздік сегіз үшінші орын иелері өтті.

Айта кетейік, Хон Мён Бо ұлттық құраманы 2024 жылдың шілдесінде жаттықтыра бастады. Оның тағайындалуы кезінде Корея футбол қауымдастығы (KFA) шешім қабылдау процесінің ашық болмауына байланысты сынға ұшырады, ал елдің Спорт министрлігі қауымдастық басшылығына қатысты шара қолдануды талап еткен еді.

Осылайша, Хон Мён Бо бұл әлем чемпионатында қызметінен кеткен үшінші бапкер атанды. Бұған дейін Тунис құрамасының бұрынғы бапкері Сабри Лямуши мен Шотландия құрамасының бас бапкері Стив Кларк өз қызметтерінен кеткен болатын.

Сейсенбі күні Хон Мён Бо мен ұлттық құраманың бірқатар футболшысы Сеулге оралады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!