2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына өткен барлық құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финалға соңғы болып Англия мен Аргентина құрамалары жолдама алды. Томас Тухель жаттықтыратын Англия ширек финалда Джуд Беллингемнің дублінің арқасында Норвегияны ұтты, ал Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы Швейцариядан басым түсті.
Осылайша, әлем чемпионатының жеңімпазы атағы үшін төрт ұлттық құрама күресті жалғастырады.
ӘЧ-2026 жартылай финалының жұптары
Франция — Испания (15 шілде, Қазақстан уақытымен 00:00);
Англия — Аргентина (16 шілде, Қазақстан уақытымен 00:00).
2022 жылғы финал қайталана ма?
2026 жылғы әлем чемпионатының финалында алдыңғы мундиалдың шешуші кездесуі қайталануы мүмкін.
Аргентина құрамасы – қазіргі әлем чемпионы. 2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатының финалында аргентиналықтар Францияны ұтып, әлем чемпионы атанған еді.
Жарнама