Футбол
Бүгін 07:45

ӘЧ-2026: Хорватия алғашқы жеңісімен плей-оффқа өту мүмкіндігін сақтап қалды

©instagram.com/hns_cff

Хорватия құрамасы 2026 жылңы әлем чемпионаты аясындағы Панамамен кездесуде турнирдегі алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

L тобының кездесуі Канаданың Торонто қаласында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз гол 54-минутта соғылды. Оның авторы Анте Будимир болды.


Осылайша, Хорватия әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетіп, қоржынына үш ұпай салды.

Бұған дейін осы топтағы Англия мен Гана құрамалары өзара кездесуде 0:0 есебімен тең түскен еді. Қазіргі таңда олардың еншісінде төрт ұпайдан бар.

Ал Хорватия үш ұпаймен плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Топтық кезеңнің 28 маусымда өтетін соңғы турында, хорваттар Гана құрамасына қарсы ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport