1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 12:18
 

ӘЧ-2026 финалынан кейін "Алтын допқа" басты үміткер анықталды

  Пікірлер

blog.share

ӘЧ-2026 финалынан кейін "Алтын допқа" басты үміткер анықталды ©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

Goal.com порталы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалынан кейін "Алтын доп" жүлдесіне басты үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Goal.com порталы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалынан кейін "Алтын доп" жүлдесіне басты үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізім басында Мюнхеннің "Бавария" клубының шабуылшысы Харри Кейн қалды. Англия құрамасының көшбасшысы ӘЧ-2026 турнирінде алты гол соғып, командасының қола жүлдеге ие болуына көмектесті. Ал 2025/26 жылғы маусымда клубы мен ұлттық құрамасы сапында жалпы саны 73 голдың авторы атанды.

Екінші орынға Испания құрамасымен әлем чемпионы атанған "Барселона" вингері Ламин Ямаль көтерілді. Үздік үштікті ӘЧ-2026 турнирінің екінші үздік сұрмергені атанған аргентиналық Лионель Месси түйіндеді.

Ал Франция құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе он голмен әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанса да, рейтингте бесінші орынға жайғасты. Ал ӘЧ-2026 турнирінің "Алтын доп" иегері Родри бұл тізімде алтыншы орында тұр.

Goal.com нұсқасы бойынша "Алтын допқа" басты 20 үміткер:

Харри Кейн ("Бавария", Англия құрамасы);
Ламин Ямаль ("Барселона", Испания құрамасы);
Лионель Месси ("Интер Майами", Аргентина құрамасы);
Майкл Олисе ("Бавария", Франция құрамасы);
Килиан Мбаппе ("Реал", Франция құрамасы);
Родри ("Манчестер Сити", Испания құрамасы);
Усман Дембеле ("ПСЖ", Франция құрамасы);
Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити", Норвегия құрамасы);
Хвича Кварацхелия ("ПСЖ", Грузия құрамасы);
Пау Кубарси ("Барселона", Испания құрамасы);
Луис Диас ("Бавария", Колумбия құрамасы);
Витинья ("ПСЖ", Португалия құрамасы);
Деклан Райс ("Арсенал", Англия құрамасы);
Винисиус Жуниор ("Реал", Бразилия құрамасы);
Микель Оярсабаль ("Реал Сосьедад", Испания құрамасы);
Ашраф Хакими ("ПСЖ", Марокко құрамасы);
Фабиан Руис ("ПСЖ", Испания құрамасы);
Давид Райя ("Арсенал", Испания құрамасы);
Лаутаро Мартинес ("Интер", Аргентина құрамасы);
Джуд Беллингем ("Реал", Англия құрамасы).
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!