Sports Illustrated (SI) басылымы 2026 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын доп" жүлдесіне басты үміткерлер рейтингін жаңартты. Тізімнің көшін Испания құрамасының капитаны әрі ағылшындық "Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Родри Эрнандес бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Родри рейтингтің көшін бастады
Бұл жүлдені 2024 жылы жеңіп алған испаниялық жартылай қорғаушы 2026 жылғы әлем чемпионатында Испания құрамасының негізгі ойыншыларының біріне айналды. "Қызыл фурия" турнирде чемпион атанса, Родри әлем чемпионатының үздік футболшысы ретінде мундиальдің "Алтын добына" ие болды.
Екінші орынға каталондық "Барселонаның" 19 жастағы вингері Ламин Ямаль орналасты. Ол да Испания құрамасының әлем чемпионатында жеңіске жетуіне үлес қосты. Ал клуб деңгейінде әсерлі маусым өткізіп, барлық турнирде 24 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.
Үздік үштікті АҚШ-тың "Интер Майами" клубының шабуылшысы әрі Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси түйіндеді. 2026 жылғы әлем чемпионатында "Алтын допты" сегіз рет жеңіп алған футболшы сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ал Аргентина құрамасы қатарынан екінші рет әлем чемпионатының финалына шықты.
Жеке футболшыларға берілетін басты жүлденің қазіргі иегері Усман Дембеле рейтингте тек алтыншы орынға жайғасты. "Пари Сен-Жермен" вингері қатарынан екінші жыл Чемпиондар лигасын жеңіп, Франция құрамасымен бірге әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті.
SI нұсқасы бойынша "Алтын допқа" үміткер ТОП-10:
Родри — "Манчестер Сити", Испания
Ламин Ямаль — "Барселона", Испания
Лионель Месси — "Интер Майами", Аргентина
Харри Кейн — "Бавария", Англия
Килиан Мбаппе — "Реал", Франция
Усман Дембеле — ПСЖ, Франция
Майкл Олисе — "Бавария", Франция
Джуд Беллингем — "Реал", Англия
Эрлинг Холанд — "Манчестер Сити", Норвегия
Фабиан Руис — ПСЖ, Испания
"Алтын доп-2026" қайда және қашан табысталады?
2026 жылғы "Алтын доп" марапатын табыстау рәсімі тарихи оқиға болмақ. Себебі алғаш рет салтанатты шара Парижде емес, Лондонда өтеді. Жеңімпаздығ есімі 26 қазанда Ұлыбритания астанасында жарияланады.
Жарнама