| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 09:50
 

ӘЧ-2026-дағы Мексика - Эквадор матчі белгісіз уақытқа шегерілді

  Пікірлер

blog.share

ӘЧ-2026-дағы Мексика - Эквадор матчі белгісіз уақытқа шегерілді ©Realities Col??

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Мексика мен Эквадор құрамалары арасындағы матч кейінге шегерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Мексика мен Эквадор құрамалары арасындағы матч кейінге шегерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Мексиканың Мехико қаласындағы әйгілі "Ацтека" стадионында өтуі тиіс болатын. Ойын Астана уақытымен 06:00-де басталады деп жоспарланған еді, алайда, күн райының қолайсыздығына байланысты матч белгісіз мерзімге шегерілді.

"Күн райының қолайсыздығына байланысты матчтың басталуы кейінге қалды. Кездесу өткізуге толық қауіпсіз деп танылған кезде ғана басталады", – делінген ФИФА мәлімдемесінде.

Еске салайық, Мексика құрамасы А тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне тікелей жолдама алған болатын. Ал Эквадор Е тобында үшінші орын иеленіп, үшінші орын алған үздік сегіз құраманың қатарына еніп, плей-оффқа шықты.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!