Футбол
Бүгін 11:19

ӘЧ-2026-дағы Канада - Қатар ойыны жаға ұстасумен аяқаталды

©t.me/qazsporttv трансляциясынан кадр

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы Канада мен Катар құрамалары арасындағы матч футболшылар мен бапкерлерге дейін кірісіп кеткен жанжалмен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Канаданың Ванкувер қаласындағы "BC Place" стадионында өткен кездесудің соңғы ысқырықтан кейін матчқа қатысушылар алаң үстінде жаға ұстасабастады. Алайда жанжал үлкен төбелеске ұласпай, жағдай тез арада бақылауға алынды.

Айта кетейік, матч өте тартысты өтті. Канада құрамасы қарсыласын 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Сонымен қатар, команданың жартылай қорғаушысы Исмаэль Коне жарақат алып, алаңнан зембілмен шығарылды. Ал Катар құрамасы өрескел ойын көрсеткені үшін екі қызыл қағаз алды.

Екі тур қорытындысы бойынша Канада құрамасы төрт ұпаймен В тобында көш бастап тұр. Ал бір ұпай жинаған Катар құрамасы турнир кестесінің соңғы сатысында орналасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport