Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте жаңа келісімшартқа қол қою қарсаңында ұлттық команданың болашағына қатысты маңызды шешім қабылдады. Маман құрамды түбегейлі жасартуды көздеп, осыған байланысты үш футболшы жоспарына кірмей тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ардагерлер көштен қалдыEl Nacional мәліметінше, кадрлық өзгерістің басты құрбандары сол қапталдағы қорғаушы Алехандро Гримальдо мен шабуылшы Борха Иглесиас болды.
Екеуі де бұған дейін Испания құрамасына тұрақты түрде шақырылып келгенімен, Луис де ла Фуэнте олардың жасына байланысты ұлттық командадағы кезеңі аяқталды деп отыр. Енді бұл позицияларда бапкерлер штабы алдағы халықаралық циклге дайындық аясында тек жас ойыншыларға сенім артуды жоспарлап отыр.
"Ливерпульдегі" соңғы мүмкіндікАл жас вингер Виктор Муньостың жағдайы өзгеше. Бас бапкер оның әлеуетін жоғары бағалайды, алайда, қазіргі ойын деңгейіне көңілі толмайды.
Енді оның Испания құрамасындағы болашағы тікелей "Ливерпульдегі" өнеріне байланысты болмақ. Ұлттық командаға қайта оралу үшін Муньосқа Англияда ойын тәжірибесін ғана жинау жеткіліксіз. Ол жоғары нәтижелілік пен тұрақты ойын көрсетуі керек. Себебі Испания шабуылының қапталдарында бәсекелестік өте жоғары.
Еске салайық, Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентинаны 1:0 есебімен ұтып, әлем чемпионы атанған еді. Кездесудегі жалғыз голды қосымша уақыттың 106-минутында Ферран Торрес соқты.