Аргентина құрамасы команда капитаны Лионель Мессиді алдағы ірі халықаралық турнирлерге шақыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Vesti.kz Doble Amarilla басылымына сілтеме жасап.
2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін сегіз дүркін "Алтын доп" иегері ұлттық құрамамен қоштасатыны туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Сондықтан оның алдағы жылдары да Аргентина сапында ірі турнирлерге қатысу мүмкіндігі сақталып отыр.
Аргентина футбол қауымдастығы жоспар құрып жатырДереккөздің мәліметінше, Аргентина футбол қауымдастығы Мессиді алдағы халықаралық жарыстарға тарту бағытында жұмысын бастап кеткен.
Ықтимал турнирлер қатарында Финалиссима, 2030 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі және 2028 жылғы Америка кубогы бар.
Сонымен қатар, Аргентина футболының басшылығы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін шабуылшыға болашағына қатысты түпкілікті шешім қабылдау үшін уақыт қажет екенін түсінеді.
ӘЧ-2026 қорытындысы2026 жылғы әлем чемпионатында Аргентина құрамасы финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Испанияға 0:1 есебімен жол берді.
Лионель Месси ұлттық құрама сапында осы уақытқа дейін 207 матч өткізіп, 125 гол соқты. Ол Аргентина құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген болып қала береді.