Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Катар құрамасының жартылай қорғаушысы Ассим Мадибоға 2026 жылғы әлем чемпионатындағы Канадаға қарсы матчта болған оқиғадан кейін тәртіптік жаза тағайындады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оқиға 18 маусым күні Ванкуверде өткен топтық кезеңнің екінші турындағы кездесуде орын алды. Дөрекі ойыны үшін Мадибо тікелей қызыл қағаз алды, ал оның қарсыласы – Канада құрамасының жартылай қорғаушысы Исмаэль Коне ауыр жарақат алып, аяғын сындырды.
Футболшыға ота жасалды және оның шамамен бес айға дейін алаңға шыға алмайтыны күтілуде.
Оқиғаны қарастырғаннан кейін ФИФА-ның Тәртіптік комитеті катарлық футболшыны бес матчқа дисквалификациялау туралы шешім қабылдады.
Es una vergüenza que sancionen a Madibo con cinco partidos.
— Diego Cobo (@DiiegoCobo) June 24, 2026
Debe juzgarse la acción, no la desafortunada lesión que sufrió Koné.
Es una medida muy grave; se están pasando el reglamento por el forro. pic.twitter.com/D0plMD5q0B https://t.co/lCbDTfBkMe
Ұйымның түсіндіруінше, жаза ФИФА Тәртіптік кодексінің 14.1(e) тармағын бұзғаны үшін берілген. Бұл бап аса өрескел ойын әрекеттері үшін жауапкершілікті қарастырады.
Катар құрамасы үшін әлем чемпионаты топтық кезеңде-ақ аяқталды. Хулен Лопетеги жаттықтыратын команда В тобында соңғы орын алып, Канададан ірі есеппен жеңілді (0:6), Босния және Герцеговина құрамасына жол берді (1:3) және Швейцариямен тең түсті (1:1).
29 жастағы Ассим Мадибо клубтық деңгейде Al-Wakrah SC сапында өнер көрсетеді. Өткен маусымда ол команда құрамында 15 матч өткізді.
Катар ұлттық құрамасы сапында жартылай қорғаушы 64 ойынға қатысқан. Ассим үшін ФИФА тағайындаған бес матчтық дисквалификация енді ұлттық құрама мен халықаралық турнирлердегі келесі кездесулерге де әсер етуі мүмкін.