| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 17:30
 

ӘЧ-2026-да алғашқы матчінен кейін Неймар эмоцияға толы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

ӘЧ-2026-да алғашқы матчінен кейін Неймар эмоцияға толы мәлімдеме жасады ©instagram.com/neymarjr

Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатында ұлттық команда сапына қайта оралғаннан кейін өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатында ұлттық команда сапына қайта оралғаннан кейін өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

34 жастағы футболшы топтық кезеңнің үшінші турында Шотландияға қарсы кездесудің 76-минутында алаңға шықты. Бразилия 3:0 есебімен жеңіске жетті, ал Неймар үшін бұл ұлттық құрамадағы соңғы үш жылға жуық уақыт ішіндегі алғашқы матч болды.

Ойыннан кейін шабуылшы бұл сәттің өзі үшін ерекше әсерлі болғанын жасырмады.

"Үш жылдан кейін қайтадан ұлттық құраманың жейдесін кигеніме өте қуаныштымын. Құдайға шүкір, қазір физикалық тұрғыдан өзімді жақсы сезінемін. Алдыңғы матчтарды өткізіп алу оңай болған жоқ, бірақ мен бос отырған жоқпын.

Соңғы 25 күн бойы жақсы формаға келу үшін көп жаттықтым. Сондықтан өте қуаныштымын әрі ризамын.

Алаңға шыққанда сан түрлі эмоцияны бастан өткердім. Ұзақ уақыт бойы құрамада ойнаған жоқпын, бұл жейдеден алыстап қалдым. Бірақ бәрі сәтті өтіп, қайта оралғаныма шүкір", – деді Неймар UOL басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Неймар Бразилия құрамасы сапында соңғы рет 2023 жылдың қазан айында Уругвайға қарсы кездесуде ойнаған еді. Сол матчта ол сол тізесіндегі айқас байламы мен менискін жарақаттап, ұзақ уақыт қатардан шығып қалған болатын.

2026 жылғы әлем чемпионатында да шабуылшы жарақатынан толық айықпауына байланысты алғашқы екі ойынды өткізіп алды.

Өзінің физикалық жағдайы және қанша минут ойнауға дайын екені туралы сұраққа Неймар әзілмен: "200 минут", – деп жауап берді.

Шотландияны жеңгеннен кейін Бразилия құрамасы жеті ұпай жинап, С тобында бірінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты.

1/16 финалда Карло Анчелотти шәкірттері F тобында екінші орын алатын құрамамен кездеседі. Қазір бұл жолдамаға Нидерланд, Жапония және Швеция құрамалары таласып жатыр.

Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!