Аргентина құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші финалисі атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финалда Лионель Месси бастаған команда Англия құрамасымен кездесті. Атлантада (АҚШ) өткен тартысты матч 2:1 есебімен оңтүстікамерикалық құраманың пайдасына аяқталды.
Есепті алғашқы болып Англия ашты. 55-минутта Энтони Гордон мергендік танытып, өз командасын алға шығарды.
Алайда матчтың соңғы минуттарында аргентиналықтар камбэк жасады. 85-минутта Энцо Фернандес таразы басын теңестірсе, қосылған уақыттың 92-минутында Лаутаро Мартинес жеңіс голын соқты. Екі голдың да нәтижелі пасын Лионель Месси берді.
Осы жеңістің арқасында Аргентина әлем чемпионатының финалына жолдама алып, шешуші матчта Испания құрамасымен кездесетін болды. Бұған дейін Испания жартылай финалда Францияны ұтқан еді.
Ал Англия мен Франция қола жүлде үшін өтетін матчта өзара мықтыны анықтайды.
Еске салайық, Аргентина - әлемнің қазіргі чемпионы. Команда 2022 жылғы әлем біріншілігінде чемпиондық атақты жеңіп алған болатын.
Жарнама