| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 09:36
 

ӘЧ-2026: АҚШ құрамасы 10 ойнышымен-ақ 1/8 финалға жолдаманы жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

ӘЧ-2026: АҚШ құрамасы 10 ойнышымен-ақ 1/8 финалға жолдаманы жеңіп алды ©instagram.com/usmnt

АҚШ құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Босния және Герцеговинаны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

АҚШ құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Босния және Герцеговинаны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Калифорния штатындағы Санта-Клара қаласында өткен кездесу турнир қожайындарының 2:0 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталды.

Есепті бірінші таймның соңында, 45-минутта Фоларин Балогун ашты. Алайда үзілістен кейін шабуылшы өз командасын қиын жағдайға қалдырды. Ол 64-минутта өрескел ойын көрсеткені үшін тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Соған қарамастан, он ойыншымен қалған АҚШ құрамасы басымдығын сақтап қалды. 82-минутта Малик Тиллман айып добын керемет орындап, матчтағы соңғы нүктені қойды.

Осылайша, амеркиалықтар 1/8 финалға жолдама алды. Енді АҚШ құрамасы бұған дейін Сенегалды жарыс жолынан шығарған Бельгиямен кездеседі.

Айта кетейік, Босния және Герцеговина құрамасының сапында Қазақстан премьер-лигасының жалғыз өкілі – "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Иван Башич өнер көрсетті. Алайда АҚШ-қа қарсы матчта ол қосалқы құрамда қалып, алаңға шыққан жоқ.
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!