| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 11:25
 

ӘЧ-2026: 1/8 финалдың сегіз жүбының алтауы анықталды

  Пікірлер

blog.share

ӘЧ-2026: 1/8 финалдың сегіз жүбының алтауы анықталды ©Depositphotos.com

АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалындағы сегіз жұбының алтауы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалындағы сегіз жұбының алтауы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Келесі кезеңге соңғы болып Испания мен Португалия құрамалары жолдама алды. "Қызыл фурия" Аустрияны 3:0 есебімен жеңсе, португалиялықтар тартысты кездесуде Хорватияны 2:1 есебімен ұтты. Енді Ламин Ямаль мен Криштиану Роналду бастаған құрамалар 1/8 финалдың ең қызықты текетірестерінің бірінде өзара кездеседі.

Бұдан бөлек, ширек финал жолдамасы үшін Франция – Парагвай, Канада – Марокко, АҚШ – Бельгия, Мексика – Англия және Бразилия – Норвегия құрамалары бақ сынайды.


Қалған екі жұп 1/16 финалдың соңғы матчтары аяқталғаннан кейін анықталады.

ӘЧ-2026. 1/16 финал нәтижелері

29.06, 00:00 — Оңтүстік Африка — Канада — 0:1
29.06, 22:00 — Бразилия — Жапония — 2:1
30.06, 01:30 — Германия — Парагвай — 1:1 (пенальти — 3:4)
30.06, 06:00 — Нидерланд — Марокко — 1:1 (пенальти — 2:3)
30.06, 22:00 — Кот-д'Ивуар — Норвегия — 1:2
01.07, 02:00 — Франция — Швеция — 3:0
01.07, 06:00 — Мексика — Эквадор — 2:0
01.07, 21:00 — Англия — ДР Конго — 2:1
02.07, 01:00 — Бельгия — Сенегал — 3:2
02.07, 05:00 — АҚШ — Босния және Герцеговина — 2:0
03.07, 00:00 — Испания — Австрия — 3:0
03.07, 04:00 — Португалия — Хорватия — 2:1
03.07, 08:00 — Швейцария — Алжир
03.07, 23:00 — Аустралия — Мысыр
04.07, 03:00 — Аргентина — Кабо-Верде
04.07, 06:30 — Колумбия — Гана
ЧМ-2026. 1/8 финал жұптары (4–8 шілде)
Парагвай — Франция
Канада — Марокко
Португалия — Испания
АҚШ — Бельгия
Бразилия — Норвегия
Мексика — Англия
Аргентина / Кабо-Верде — Аустралия / Мысыр
Швейцария / Алжир — Колумбия / Гана

ӘЧ-2026. Ширек финал (9–12 шілде)

Парагвай / Франция — Канада / Марокко (1-ширек)
Португалия / Испания — АҚШ / Бельгия (2-ширек)
Бразилия / Норвегия — Мексика / Англия (3-ширек)
Аргентина / Кабо-Верде / Аустралия / Мысыр — Швейцария / Алжир / Колумбия / Гана (4-ширек)
Жартылай финал матчтары 14 және 15 шілдеде өтеді. Ал 19 шілдеде үшінші орын үшін кездесу мен әлем чемпионатының финалы ұйымдастырылады.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!