ӘЧ-2022 іріктеу ойындары. Қазақстан алғашқы ұпайға қол жеткізді
2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Украинаға қарсы сырт алаңда өткізген ойынды тең нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Украинаға қарсы сырт алаңда өткізген ойынды тең нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
1:1 есебімен аяқталған матчтың алғашқы голын украиналық шабуылшы Роман Яремчук 20-минутта соқты. Ойынның 59-минутында Азат Нұрғалиевтің нәтижелі пасын оңтайлы пайдаланған Серікжан Мужиков таразы басын теңестірді.
Ойын барысында украина құрамасының есепті еселеуге бірнеше мүмкіндігі болғанымен, қазақстандық қақпашы Стас Покатилов оған жол бермеді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Талғат Байсуфинов шәкірттері іріктеудегі алғашқы ойынды өз алаңында Францияға қарсы ойнап 0:2 нәтижесімен жеңіліс тапқан еді.
Жарнама