Әбікен допинг үшін дисквалификациядан кейін жаңа команда тапты

©"Қайрат" ФК

Қазақстандық футболшы Айбол Әбікен "SD Family" әуесқой блогерлер командасына ойнайтын болды.

"Алматылық "Қайраттың" тәрбиеленушісі, Қазақстан құрамасының ойыншысы, Қазақстан Кубогының екі дүркін иегері Әбікен ресми түрде "SD Family" ойыншысы атанды.

Айбол 13 тамызда "Астана Арена" стадионында өтетін "STARMIX" футбол клубына қарсы келесі матчқа қатысады", – делінген "SD Family" хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының басында Әбікеннің тыйым салынған препараттар қабылдағаны белгілі болды. Допинг-сынамадан милдронат табылды. Нәтижесінде ол төрт жыл дисквалификация алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport