Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов Румыния чемпионатында алғашқы ресми голын соқты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Абат ойнайтын "Петролул" командасы сырт алаңда ФКСБ клубына 3:1 есебімен есе жіберді. Отандасымыз алаңға 80-минутта қосылып, 90-минутта бұрыштама соққысынан кейін баспен дәл соққы жасап, есеп айырмасын қысқартты.
Бұл гол қазақстандық футболшы үшін Румыния клубы сапындағы алты ресми ойындағы алғашқы нәтижелі соққы болды.
Қазіргі таңда 23 ұпай жинаған "Петролул" командасы 7-орында келеді. ФКСБ болса 36 ұпаймен көш бастап тұр.