Абат Айымбетов Ресей чемпионатының ең қымбат футболшылар тізіміне кірді

Абат Айымбетов. Сурет: "Крылья Советов" ФК

"Крылья Советов" командасының қазақстандық шабуылшысы Абат Айымбетов Ұлттық футбол лигасындағы (ҰФЛ) ең қымбат футболшылар тізіміне кірді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt мәліметінше, Қазақстан құрамасының 25 жастағы шабуылшысы командаластары - Никита Чернов және Иван Сергеевпен бұл тізімде екінші орында. Үшеуінің трансферлік құны 1,5 миллион еуро.

Тізімде бірінші тұрған Антон Зиньковский де қазақстандық футболшының командаласы, оның трансферлік құны 2,5 миллион еуро.

ҰФЛ-дегі ең қымбат топ-5 ойыншы:
1. Антон Зиньковский ("Крылья Советов") - 2,5 миллион еуро;
2-4. Абат Айымбетов ("Крылья Советов") - 1,5;
2-4. Иван Сергеев ("Крылья Советов") - 1,5;
2-4. Никита Чернов ("Крылья Советов") - 1,5;
5. Александр Нойок ("Оренбург") - 1,1.