Абат Айымбетов ҚПЛ-дегі сұрмергендер жарысында көш бастады

Абат Айымбетов. Сурет: "Астана"ФК©

"Астананың" жаңа ойыншысы Абат Айымбетов 2021 маусымындағы футболдан Қазақстан чемпионатының бомбардирлер жарысында көшбастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасы шабуылшысының есебінде астаналық клуб үшін үш матчте төрт гол. Айымбетов екі ойында қатар дубль жасады. 

Шабуылшыны сапына қосқаны жайлы "Астана" ресми түрде 2 сәуірде хабарлаған. Айымбетов самаралық "Крылья Советов" клубынан жалға алу құқымен келді.

Бомбардирлер жарысында Айымбетовтен кейін "Астанадағы" Абзал Бейсебеков және Марин Томасов, Рифат Нұрмұғамет "Ақтөбе", Руслан Мингазов "Каспий" және Жоао Паоло "Ордабасы", бәрі үш голдан салған.